Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшуі мүмкін

Елдегі 12 облыс 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа ауыстыруы керек болады

Новости Казахстана / Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшуі мүмкін
Фото:
pexels.com

ҚР Үкіметі "Ашық НҚА" порталында осындай қаулы жариялады. Қазақстандықтар 22 желтоқсанға дейін бұл өзгерсті қолдайтын-қолдамайтындықтарын білдіре алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 01 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа ауыстырсын, - делінген құжат мәтінінде.

Айта кетейік, қазіргі кезде елімізде екі уақыт белдеуі қолданылып жүр. Бұл UTC+5 және UTC+6. Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстары төртінші сағат белдеуінде орналасса, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен қалған 12 облыстар бесінші уақыт белдеуінде.

Қоғам белсенділері, депутаттар, жекелеген азаматтар осы тақырыпты уақыт ара көтеріп келді. Осы мәселені кешенді пысықтау мақсатында Сауда және интеграция министрлігі жанынан жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына әртүрлі институттардың ғалымдары, сондай-ақ сарапшылар, қоғам қайраткерлері, ҚР Парламентінің депутаттары және барлық мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша ғылыми дәлелдер мен қорытындыларға негізделген есеп дайындалып, бекітілді, - деген болатын ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Төрағасы Қуаныш Елікбаев ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде.

Бірыңғай сағат белдеуі мәселесі Қызылорда облысында 3 жылдан бері зерттеліп, өңірде бұрынғы уақыт қайтарылды. Ал Қостанай облысында бұл мәселе 18 жылдан бері көтеріліп келеді.

Соңғы кездері әлем елдерінде осы мәселеге қатысты ауқымды зерттеулер жүргізіліп жатыр. Біз уақытты түзетейін деп жатырмыз. Яғни, UTC+5 уақыты Астананың, Алматының, Шымкенттің, Түркістанның, Солтүстік Қазақстанның, барлық облыстардың өзіндік белдеуі деуге болады. Ал Шығыс Қазақстан облысы алты сағаттық белдеудің ең басында жатыр. Бұл мәселе бойынша барлық дәлелдер жиналып, 43 беттік есеп жобасы жасалды, - деді Қолданбалы хронобиология бойынша маман, уақытты есептеу тәртібі бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі Болат Нухожаев.

Следующая →