Өрт сөндірушілер Өскемендегі көпқабатты үйден 80 тұрғын эвакуациялады
Өскемен қаласында Көкжал Барақ көшесінің бойында тоғыз қабатты тұрғын үйдің қосалқы бөлмесінде тұрған жанғыш заттар өртенген
Өрт сөндірушілер жеткенде подъезді түтін басқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп.
Өрт сөндірушілер қауіпті аймақтан 80 адамды баспалдақпен эвакуациялады, олардың арасында 15 бала бар. Жедел түрде 10 ш.м. алаңда өрт сөндірілді, - делінген хабарламада. - Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері эвакуацияланған адамдарды тексерді.
Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына абайсыздық себеп.