Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +22°
$
467.29
+2.01
501.03
+1.83
¥
64.34
+0.24
5.35
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Түркістан облысындағы білім бөлімдерінің есепшілері бюджет қаражатын жымқырып келген

Шардара және Сарыағаш аудандарының білім бөлімдерінің бухгалтерлері 2 млрд теңгеден астам сома жымқырды деген күдікке ілікті

Новости Казахстана / Түркістан облысындағы білім бөлімдерінің есепшілері бюджет қаражатын жымқырып келген
Фото:
pexels.com

Білім беру саласындағы жүйелі жемқорлық фактілерін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі анықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Ақтөбе, Алматы және Жетісу облыстарындағы қылмыстық схемаларды әшкерелеген болатын.

Түркістан облысы бойынша Шардара және Сарыағаш аудандарының білім бөлімдерінің бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Олар бюджет қаражатын аса ірі көлемде жүйелі негізде жымқырды деп күдіктелуде, - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. - Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті тұлғалар 2020-2023 жылдар аралығында білім беру саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың шоттарына ақша қаражатын аудару, сондай-ақ мектеп қызметкерлеріне жоғары жалақы есептеу арқылы шамамен 2,6 млрд теңге сома жымқырған.

Қазіргі уақытта Түркістан облысының білім беру саласынан 17 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда, олардың 4-еуі қамауға алынған.

Залалды өтеу мақсатында 39 жылжымайтын мүлік, 44 автомашина, зергерлік бұйымдар және қылмыстық істер бойынша айыпталушылардың ақшалай қаражаттары бұғатталды.

Сонымен қатар, тергеу барысында Түркістан облысының Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы әшкереленді. Ол Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде аудит барысында анықталған жымқыру фактілерін пайдакүнемдік ниетпен жасырған, - делінген хабарламада.

Осы орайда айта кетсек, Жетісу облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында 2,5 жыл ішінде 4,4 млрд теңге жымқырған қалалық білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталған. Қылмыстық топ құрамында басшы мен оның қарамағындағылар, сондай-ақ орта мектеп бухгалтері бар. Барлығы 13 адам.

Следующая →