Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Газбен жүретін көліктер арнайы белгі орнатуға міндетті

ШҚО-да газ баллонды жабдығы бар ресми түрде қайта жабдықталған барлығы 5300-ден астам автомобиль бар

Новости Казахстана / Газбен жүретін көліктер арнайы белгі орнатуға міндетті
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қыметінен

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл көліктерге арнайы белгі орнату міндеттелді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Сауда және интеграция министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Ол белгі қара түсті жиегі бар және "GAS" леп белгісі жазбасы бар сары түсті теңбүйірлі үшбұрыш болып келеді. Бұл белгі жабық паркингтерге кірген кезде көлік оңай танылатындай етіп орнатылуға тиіс, - делінген министрлік ақпаратында. - Жаңа нормалар сонымен қатар газбен жүретін көліктерді жабық тұрақ аймақтарында тұраққа қоюды тиімді бақылауға және тыйым салуға мүмкіндік береді, бұл сайып келгенде азаматтардың жалпы қауіпсіздігіне ықпал етеді.

Еске сала кетейік, автогазбен жүретін көліктерге паркингтерде тұруға тыйым салынған. Газ баллонын 85 пайызға ғана газбен толтыру керек. Яғни, 15 пайызы бос кеңістік ретінде қалуы керек. Ал баллондарды жүз пайыз толтыру үшін оған артық қысымды реттеуге арналған арнайы клапан орнатылуы керек. Жүргізушілердің көбі бұны ескермейтіндіктен, суықтан жылы жерге кірген кезде газдың көлемі кеңейіп, жарылыс болуы мүмкін.

Заң талаптары бұзылған жағдайда автокөлік иелеріне "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау" – әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес әкімшілік жауапкершілік жүктеледі. Егер паркингте тұрған автогазбен жүретін көлік жарылып, адам денсаулығына зиян келіп, ірі шығын болса, қылмыстық жауаптылық көзделген.

ҚР ӘҚБтК-ның 590-бабы бойынша көлік құралын тіркеу туралы куәлікте қайта жабдықтау туралы белгі болмағаны үшін айыппұл 15 АЕК құрайды. Бұзушылық анықталған кезде полиция қызметкері ҚР ӘҚБтК-ның 797-бабына сәйкес ұстау себебі жойылғанға дейін мемлекеттік тіркеу-нөмірлік белгілерді алып қою арқылы көлік құралын пайдалануға тыйым салуға құқылы.

ШҚО ТЖД ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бері облыста барлығы 90-нан астам автокөлік өрті тіркелді.

Следующая →