Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Үй кезегіне тұратын адамның атында соңғы 10 жылда баспана болмауы керек

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері жөніндегі заң жобасын ұсынды

Новости Казахстана / Үй кезегіне тұратын адамның атында соңғы 10 жылда баспана болмауы керек
Фото:
pexels.com

Ол азаматтарды есепке алу және тұрғын үй есебін жүргізу жөніндегі функцияларды "Отбасы банкіне" беруды ұсынған болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Жаңа тетікке сәйкес жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрған тізімдері ағымдағы базаға есепке қоюды тоқтата отырып, өзгеріссіз "Отбасы банкіне" берілетін болады, - делінген хабарламада. - "Отбасы банкінің" негізінде тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады. Әрбір өтінім мұқтаж азаматтардың отбасылық жағдайының толық сипаттамасын қамтамасыз ете отырып, табыстарды, мүліктер мен активтерді көрсететін отбасының цифрлық портретімен сүйемелденетін болады.

Тұрғын үймен қамту орталығы "бір терезе" қағидатын қолданатын мемлекеттік деректер базасымен біріктірілген бірыңғай ақпараттық базаға айналады. Осылайша, "тұрғын үйге мұқтаж" мәртебесін растау, кезекке тұру және ипотека алу үшін бірнеше органдарға хабарласудың қажеті болмайды.

Жаңа үлгіде тұрғын үйді мұқтаждар арасында бөлу әділетті, тіркеу күніне және табыс деңгейіне байланысты болады.

Сондай-ақ, азаматтарға жалға беруді, жалға берілетін тұрғын үйді немесе жеңілдетілген ипотекалық займдарды субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылатын болады (жылдық мөлшерлеменің 2-5%).

Есепке қою кезіндегі негізгі талаптардың бірі - меншік құқығында тұрғын үйдің болмауы, - делінген хабарламада. - Жаңа тәсілдерді енгізуге байланысты тұрғын үйдің болмау мерзімін кезекке жаңадан тұрғандар үшін 10 жылға дейін ұлғайту ұсынылады.

Айта кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйдің болмауы талап етіледі.

Следующая →