Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тұрғын үй кезегіне қою функциясын "Отбасы банкіне" беру ұсынылды

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері жөніндегі заң жобасын ұсынды

Новости Казахстана / Тұрғын үй кезегіне қою функциясын "Отбасы банкіне" беру ұсынылды
Фото:
Устинка LIVE

Осылайша "Отбасы банкін" ұлттық даму институтына айналдыруды көздейді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы барысында Қанат Шарлапаев азаматтарды есепке алу және тұрғын үй есебін жүргізу жөніндегі функцияларды "Отбасы банкіне" беру туралы ұсыныс жасады. Бұл ретте министр кезекте тұрғандарды баспанамен қамтамасыз етуде жергілікті атқарушы органдардың құзыреті сақталатынын атап өтті.

Заң жобасы сондай-ақ "Отбасы банкін" берілген функцияларды орталықтандырылған орындауға жауапты ұлттық даму институтына айналдыруды көздейді. Бұл қадам тұрғын үй мәселелерін басқарудың тиімділігін оңтайландыруға және арттыруға бағытталған, - дейді Қанат Шарлапаев.

Министр ұсынылған өзгерістер еліміздегі тұрғын үй мәселелерін тиімді шешуге, тұрғын үй қорын басқаруға теңгерімді көзқарасты қамтамасыз етуге және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Функцияларды беру аясында "Отбасы банкі" АҚ қаржы реттеушісінің лицензиясынсыз операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін екінші деңгейлі банктер жүйесінен шығару жоспарлануда. "Отбасы банкіне" қатысты бақылау-қадағалау міндеттері Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкте қалады, - деп атап өтті министр. - Тұтынушылардың құқықтарын қорғау, валюталық реттеу, қылмыстық жолмен алынған кірістерді легализациялауға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл сияқты салаларда бақылауды сақтай отырып, мемлекет "Отбасы банкіндегі" депозиттердің сақталуына кепілдік береді. "Отбаса банктің" екінші деңгейдегі банктерден шығуы оның Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес мемлекет тарапынан кепілдік беруді көздейтін депозиттерге кепілдік беру жүйесінен шығаруға да әкеп соғады.

Айта кеткен жөн, "Отбасы банкінде" орналастырылған кепілдік депозиттердің сомасы ұлттық валютадағы тұрғын үй және құрылыс жинақтарының депозиттерін қоса алғанда 20 миллион теңгеден аспайды.

Следующая →