Қызылордалықтар "Qnet" қаржылық пирамидасына 44 млн теңге салған
Қала аумағында компанияның құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған үш күдікті қамауға алынды
33 қызылордалық азаматтың әрқайсысы 800 мыңнан 1 млн 200 мың теңгеге дейін салған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ақпаратына сүйеніп.
ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті "Qnet" қаржы пирамидасымен айналысқан 3 күдіктіні қамауға алды, - делінген хабарламада. - Күдіктілер Қызылорда қаласының аумағында "Qnet" компаниясының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған азаматтар желілік маркетинг және электрондық коммерция деген желеумен Қызылорда қаласының 35 тұрғынынан 2019-2022 жылдың қаңтар айы аралығында 44 млн теңгеге жуық көлемде қаражат тартқан.
Тергеу барысында жәбірленушілердің компанияға 840 мыңнан 1 млн 200 мың теңге көлемінде қаржы салғаны анықталды.
Сот санкциясы негізінде үш күдікті қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, қандай да бір компанияның қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғын "Baiqa, piramida!" телеграмм боты арқылы тексеруге болады.