Тәуелсіздік жылдары ел халқының саны 22%-ға өскен
1991 жылы Қазақстан халқының саны 16,4 миллион адам болған
2023 жылдың соңында елдегі халық саны 20 миллионға жетіп отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Мақсат Тұрлыбаевтың айтуынша.
Тәуелсіздік алған жылы Қазақстан халқының саны 16,4 миллион адамды құрады. Содан бері ел халқының саны 22-ден астам пайызға өсті. Халықтың ең көп өсуі Шымкент қаласында, Түркістан және Маңғыстау облыстарында байқалды – 22-24%, - деді ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Мақсат Тұрлыбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихында бала туудың ең жоғары мәні 2021 жылы тіркеліп, 446 491 баланы құрады. Ал көші-қонның ең жоғары оң сальдосы 2006 жылы болды.