Ресей Қазақстанның үш қаласына ЖЭО салады
Олардың бірі ШҚО орталығы Өскемен қаласында бой көтермек
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің келіссөздері соңында Ресейдің қатысуымен Қазақстанда үш ЖЭО салу туралы келісімге қол қойылды.
Келіссөздер аяқталғаннан кейін энергетика министрлері Алмасадам Сәтқалиев пен Николай Шульгинов Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі мен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі арасында Көкшетауда ЖЭО, Семейде ЖЭО және Өскеменде ЖЭО салу жобалары бойынша ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды, - деп хабарлады Ақорда.
Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстанда Ресейдің қатысуымен үш ЖЭО жобасы жоспарланғанын хабарлаған болатын.