Өскемен
Бұлтты
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Семей
    -3°
  • Алматы
  • Риддер
    -2°
  • Астана
  • Ақтөбе
    -4°
  • Ақтау
    +3°
  • Атырау
    -5°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -2°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -6°
  • Тараз
    +9°
  • Түркістан
    +10°
  • Орал
    -10°
  • Шымкент
    +10°
$
494.63
583.22
¥
71.28
6.42
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан мен Ресей президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Келіссөз барысында мемлекеттер басшылары стратегиялық әріптестікті нығайтуға деген өзара ұмтылысын нақтылады

Новости Казахстана / Қазақстан мен Ресей президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Фото:
akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің сапары екіжақты қатынастар жылнамасындағы маңызды оқиға екенін атап өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE Ақорданың баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Сіз Қазақстанға ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарттың 10 жылдығы қарсаңында келіп отырсыз. Құжатқа 2013 жылы 11 қараша күні Екатеринбургте қол қойылғанын еске салғым келеді. Бұл – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының маңызды құқықтық негізі саналатын әрі көпжақты байланыстарымызды одан әрі нығайтуға жол ашатын жан-жақты құжат. Сізді осы айтулы күнмен құттықтаймын. Сапарыңыздың аталған датамен тұспа-тұс келгені өте жақсы болды. Жалпы, бүгін айтқанымдай, Сіздің сапарыңыздың саяси және тарихи мәні зор, – деді Президент.

Келіссөз барысында мемлекеттер басшылары стратегиялық әріптестікті нығайтуға деген өзара ұмтылысын нақтылады.

Өңіраралық және шекара маңындағы елді мекендер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ тараптар мұнай-газ өнеркәсібі, машина жасау, энергетика, көлік-логистика, денсаулық сақтау және мәдени-гуманитарлық байланыс салаларындағы ықпалдастықтың негізгі аспектілерін талқылады.

Бұдан бөлек, Қазақстан мен Ресей президенттері халықаралық ахуалдың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары жөнінде пікір алмасты.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Тоқаев пен Путин келіссөзі ҚР РФ