"Жайлы мектептерге" тек отандық жиһаздар алынатын болады
Сондай-ақ, құрылыста қолданылатын материалдардың басым бөлігі де қазақстандық болуы шарт
ҚР Үкіметі "Жайлы мектеп" ұлттық жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Өзгерістер мен толықтырулар отандық жиһаз және әрлеу материалдарын өндірушілердің қатысуын арттыруды көздейді.
Жаңа форматтағы мектептер құрылысы кезінде барлық жиһаз қазақстандық тауар өндірушілерден сатып алынады. Сондай-ақ, сыртқы қасбеттерді әрлеуде қолданылатын материалдардың басым бөлігі отандық өндірістің тауарлары болмақ, - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі. - Кәсіпкерлерді қолдаудың қосымша шарасы ретінде ұзақ мерзімді жеткізуді жоспарлауға және тиімді шарттармен жобаны қаржыландыруға мүмкіндік беретін алдын ала келісімшарттарды қолдану қарастырылған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы ұлттық жоба аясында 740 мың орындық 369 мектеп ашылмақ. Бұл апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселелерін шешеді.