Елдің он өңірінде "Eolus" қаржылық пирамидасының бөлімшелері болған
Бұл компанияның ШҚО-да да құрылымдық бөлімшесі болған
Қаржылық пирамидаға үш мыңға жуық адам тартылған, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ақпаратына сүйеніп.
Еліміздің 10 өңірінде "Eolus" компаниясының атымен қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына қатысты қылмыстық істер тергелуде, - делінген хабарламада. - Істер Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тіркелді.
"Eolus" компаниясының шын мәнінде жұмыс істейтінің дәлелі ретінде ұйымдастырушылар "ENERGY EOLUS QAZAQSTAN" ЖШС бір азаматтың атына тіркеу арқылы оны өздерінің қылмыстық іс-әрекетіне тартқан.
Салымшылар қаражатты инвестициялау кезінде ақшаны алу үшін қажетті соманы жинақтай отырып, күн сайын 2,5-тен 3,5%-ға дейін пайда алады, - деп түсіндірді агенттік мамандары. - Жаңа пайдаланушы тартылған кезде салым сомасының 10% мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақы, сондай-ақ жаңа пайдаланушының жыл ішіндегі күнделікті табысының 4%-ы төленеді. Осылайша, сыйақы сомасы жылдық 3000% құрады, ал ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі жылдық 16% көрсетуде.
Қазақстандағы өкіл ақша қаражатын екінші деңгейдегі банктегі өз шотына қабылдайды, содан кейін криптобиржаға аударып, айырбастайды. Соңында криптошелек арқылы "energyeolus.top" платформасындағы өз шотына аударады екен.
Компанияға тартылған азаматтардың жалпы саны кемінде 3 000 адам, оның ішінде 1 773 салымшы 259 млн теңге сомаға мүліктік зиян келтірілгені жайлы арыз жазған.
ҚМА Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтінін ескертеді.