Петропавл қаласында төтенше жағдай жарияланды
Қалада 9 қарашадан бастап техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізіледі
Бұл туралы жергілікті әкімдік мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE.
7 қараша Жуков – Н. Назарбаев көшелерінің ауданында орналасқан Д – 800 мм кәріз коллекторы зақымданған, - деп мәлімдеді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамадиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. - 1956 жылы салынған бұл коллектор 19-шы, 20-шы шағын аудандардан, Жұмысшы кентінен, Береке шағын ауданынан, Вокзал ауданынан, Нефтепроводная көшесінің аймағындағы ағындарды жинайды.
Қалада құбырлардың тозуына байланысты зақымдану жағдайлары жиілеп кеткен. Коллектордың толық тоқтап қалуын болдырмау үшін осы учаскеге шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Осыған байланысты, қала әкімдігі коллекторға жедел жөндеу жүргізу үшін жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешім қабылданды. Қазір тиісті құжат НҚА порталында жарияланды.
ТЖ режимі 9 қарашадан бастап енгізіледі. Коллекторды тексеру жүргізілді, "Қызылжар Су" ЖШС күрделі жөндеуге кірісуде. Мәселе облыс пен қала басшылығының бақылауында.Жұмыс штаттық режимде жүргізілетін болады, - делінген хабарламада.