Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шалғай ауылдардағы 200 мектепке жоғары жылдамдықты интернет беріледі

Үкіметте 5G технологиясын енгізу және алыс ауылдардағы интернет мәселесі талқыланды

Новости Казахстана / Шалғай ауылдардағы 200 мектепке жоғары жылдамдықты интернет беріледі
Фото:
ortcom.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте 5G технологиясын енгізу және шалғай елді мекендердегі мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында 5G желісін енгізу жұмыстары 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс екенін еске салды. Осыған байланысты Премьер-Министр артық әкімшілік кедергілерді жедел жойып, халықты сапалы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.

Сондай-ақ, жиында биылғы қазан айында 10 ауылдық мектеп SpaceX компаниясының Starlink технологиясы арқылы тестілік режимде кең жолақты интернетке қосылғаны айтылды. Бұл желідегі деректерді беру жылдамдығы секундына 200 Мбит-ке жетеді.

Жалпы, осылайша, республиканың шалғай елді мекендеріндегі 2000 білім беру нысанын жоғары жылдамдықты интернетке қосу жоспарланып отыр. Аталған жұмыс шеңберінде тиісті жабдықтарды жеткізу және оларға техникалық қызмет көрсету жүзеге асырылатын болады.

Премьер-Министр заманауи байланыс желілерін енгізумен қатар ауыл мектептеріне арналған білім беру бағдарламаларын дамытуға назар аудару қажет екенін баса айтты. Атап айтқанда, жаңа цифрлық форматтар мен тәсілдер арқылы оқушылардың белсенділігін және жалпы білім беру үдерісінің тиімділігін арттыруға болады.

Следующая →