Өскемен
малооблачно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО полицейлері есірткіні көтерме бағамен сатып жүрген адамды ұстады

Одан жалпы салмағы 20 келіден асатын марихуана тәркіленді

Новости Казахстана / ШҚО полицейлері есірткіні көтерме бағамен сатып жүрген адамды ұстады
Фото:
Polisia.kz

ШҚО полицейлері жедел іс-шараларды өткізу барысында Алматы облысында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын жеткізумен айналысқан 52 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде спецификалық иісі бар скотчпен оралған өсімдік тектес зат салынған екі полимерлі пакет тәркіленді. Жүргізілген сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 20 келіден асатын кептірілген марихуана есірткі заты екені анықталды, - деп хабарлады Polisia.kz.

Ер адам есірткі затын кейіннен облыс орталығының тұрғындары арасында сатуды жоспарлаған.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Следующая →