ШҚО-да 22 құрылыс мекемесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Бүгінде Шығыс Қазақстан облыс орталығында 38 коммерциялық көпқабатты тұрғын кешенінің құрылысы жүріп жатыр, соның ішінде 25 нысан бойынша тексеру жүргізілді
Тексеру қорытындысы бойынша 22 құрылыс мекемесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Өңірлік баспасөз қызметінде өткен баспасөз конференциясында Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Нұржан Нұрланұлы мәлімдеді.
Сондай-ақ құрылыс салуға толық рұқсат құжаттары жоқ бірқатар құрылыс салушы бар, атап айтқанда: "Grand Residence" ТК - Красин көш., 11В, "Astoria" ТК - Көкжал Барақ көш., 18а, "Оазис-4" ТК - Көкжал Барақ көш., 19/2, "Renesans" ТК - Өтепов көш., 38 Б, "Шаңырақ" ТК - Қ. Сәтпаев даңғ., 27 Д, "Deluxe town" ТК – Қ. Сәтпаев даңғ., "AB-RESIDENCE" ТК - І. Есенберлин даңғ., "Спорт" ықшам ауданы, "ASYL Tau" ТК - Қ. Сәтпаев даңғ., 32, - деді Нұржан Нұрланұлы.
3 құрылыс мекемесіне, атап айтқанда, "Stroi Invest Capital" ЖШС, "Бирюза Примера" ЖШС және "Royal Finance Group" ЖШС қатысты ҚР ӘҚтК 320-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар Өскемен қалалық әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған сотына жіберілді.
Броньдау шарттарын жасамас бұрын құрылыс бойынша жобалар жер учаскесіне тиісті құқық негізінде мына кезеңдермен іске асырылатынын ескерткіміз келеді: құрылыс жобаларын әзірлеу үшін шығыс материалдарын алу, эскизді (эскиздік жобаны), жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және келісу, жобаларды ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалауды іске асыратын органдарды құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы, салынған нысанды қабылдау және пайдалануға беру туралы хабардар ету, - деп толықтырды спикер.
Салынып жатқан нысандар туралы ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: Өскемен қ., К. Либкнехт көшесі, 19, 2-қабат. Кеңес алу үшін байланыс нөмірлері: 8-7232-40-11-27, 40-11-32.