Қазақстандағы балалар "Жүгір немесе өлесің" ойынын ойнамаған
Әлеуметтік желілерде жасөспірімдердің қауіпті ойын ойнап жүргендігі туралы бейнежазбалар тарады
ІІМ "Жүгір немесе өлесің" ойыны туралы таралған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бүгінгі күні біздің елімізде мұндай деректер тіркелген жоқ, - деп хабарлады ҚР ІІМ. - Жалпы ағымдағы жылдың 9 айында елімізде кәмелетке толмағандардың қатысуымен 2,5 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алып, онда 200-ден астам бала қаза тапты, 3 мыңға жуық бала жарақат алды. Бұл балалар жолаушы немесе жаяу жүргінші болған.
Ішкі істер министрлігі балаларды жол-көлік оқиғасынан қорғауға және ережелерді қатаң сақтауға шақырады.