Өскемен
малооблачно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +17°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +20°
$
479.38
+2.25
531.63
+5.78
¥
67.58
+0.58
5.27
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Топырақты заңсыз сатқандар 850 млн теңге айыппұл арқалады

Атырау облысындағы "Нұрманияз-Атырау" ЖШС 2021-2022 жылдары 88 542 м³ топырақты заңсыз сатқан

Новости Казахстана / Топырақты заңсыз сатқандар 850 млн теңге айыппұл арқалады
Фото:
pexels.com

Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы "Нұрманияз-Атырау" ЖШС-ның кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге рұқсатты пайдалана отырып, 2021-2022 жылдары 88 542 м³ топырақты заңсыз сатқаны анықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚР Бас прокуратура ақпаратына сүйеніп.

Рұқсатты беру үшін "Морское" кен орнындағы гидротехникалық құрылыстардың үйіндісін қалпына келтіру туралы мердігерлік шарт негіз болған. Алайда шартта топырақты өзге мақсатта сату көзделмеген.

Облыс әкімдігіне енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің нәтижелері бойынша "Нұрманияз-Атырау" ЖШС-дан бұрын берілген рұқсат қайтарып алынды.

Аталған факт бойынша "Нұрманияз-Атырау" ЖШС-дан сотпен 851 млн теңге мемлекетке келтірілген залал өндірілді. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Өз кезегінде, прокуратура "жер қойнауы ресурстарына, оның ішінде өңірдің экологиясына зиян келтіргені үшін жауаптылықтың сөзсіз болатынын" ескертеді.

Следующая →