Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Қазақстанда алдағы үш күнде жаңбыр, қар жауады деп күтілуде
"Қазгидромет" РМК болжамынша, тек батыс өңірде ғана жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Синоптиктер 31 қазан - 2 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Өткен апта еліміздің солтүстік аймақтарында шынымен қыс мезгілі байқалды, қар жауды, ауаның орташа тәуліктік температурасы нөлдік белгіден төмен болды, алайда жаңа аптада синоптикалық жағдай өзгереді. Атлантикалық циклондар сериясы жылу әкеледі, ауа температурасы қысқа уақытқа төмендегеннен кейін, жылумен бірге жаңбыр мен қар болады, тек республиканың батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады болжанады, - делінген ақпаратта.
Күндізгі ауа температурасы батыста 12-20 жылыға дейін, солтүстікте және орталықта 5-10 жылыға дейін, ал еліміздің шығысы мен оңтүстігінде суық фронттың өтуімен түнде 0-5 жылыға дейін, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 2-7 аязға дейін, күндіз 10-15, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 0-5 жылыға дейін төмендейді деп күтілуде.