IV Азия Пара ойындары мәресіне жетті
Биылғы сары құрлық біріншілігінде Қазақстан құрамасының спортшылары 41 медаль жеңіп алды
Оның ішінде 8 алтын, 12 күміс және 21 қола жүлде, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚР Туризм және спорт министрлігі ақпаратына сүйеніп.
Осы көрсеткішпен жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте алғашқы 11 құраманың қатарынан көрінді.
Енді біздің спортшыларды алда Париждегі Паралимпиада ойындары күтіп тұр. Франциядағы төрт жылдықтың басты додасында да отандастарымыз намысты қолдан бермей, жеңісті жолын жалғастырады деп сенемін, - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.