Риддер ЖЭО-ның бұрынғы иелері өз қарыздарын өтеді
Риддер ЖЭО-ның бұрынғы меншік иелері 5,5 млрд теңгеден астам борышын, оның ішінде жалақы және салық міндеттемелері бойынша қарыздарын төледі
Бұл міндеттемелер ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жүргізген тергеу барысында орындалды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Осылайша, жылу энергиясын өндіру станциясы қарызсыз мемлекет меншігіне өтеусіз негізде қайтарылды.
Естеріңізге сала кетейік, Риддер ЖЭО-ның бұрынғы лауазымды тұлғалары жөндеу жұмыстарына арналған қаражатты ұрлаған, нәтижесінде станция бірнеше рет істен шыққан.
Жылу электр орталығының бұрынғы басшыларына қатысты мемлекетке аса ірі мөлшерде, 4,1 млрд теңге сомасында залал келтірді деген күдікпен, алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.