Fly Arystan Air Astana әуе компаниясынан бөлініп шығады
Осылайша ол тәуелсіз компанияға айналады
Фото:
instagram/flyarystan
Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, үкімет FlyArystan құрылымдық бөлімшесін жеке заңды тұлғаға бөлудің кезең-кезеңімен жоспарын әзірлеген.
"FlyArystan" АҚ жарғысы бекітілді. Қайта тіркеу рәсімдері жасалып жатыр. Компанияның ұйымдық құрылымын қалыптастыру, әуе кемелерін беру және "FlyArystan" АҚ қызметінің басқа да бағыттары, оның ішінде жекелеген ережелерді енгізу, кірістер мен шығыстардың есебі бойынша жұмыстар істеліп жатыр, - деді Әлихан Смайылов.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, FlyArystan операторының жеке куәлігін алу үшін құжаттар 2023 жылдың 4-тоқсанында тапсырылады.