Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

OLX.kz-тен есірткі сатушыларды жұмысқа шақыратын 3 мың жарнама жойылды

Жыл басынан бері есірткі тарататын 2700-ден астам интернет-ресурс анықталды

Новости Казахстана / OLX.kz-тен есірткі сатушыларды жұмысқа шақыратын 3 мың жарнама жойылды
Фото:
Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі интернет-ресурстарды пайдалана отырып жасалған есірткі қылмыстары аса ауыр қылмыстар санатына жататынын ескертеді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі жасырушыларды жалдау туралы жарнамаларды анықтау үшін ведомство ең ірі хабарландыру сервистерінің бірі OLX-пен тікелей жұмыс істейді. Жыл басынан бері ІІМ бастамасы бойынша компания полиция мен сервис қызметкерлері анықтаған үш мыңнан астам “жасырын” хабарландыруды алып тастады. Олардың артында есірткі жасырушыларды жұмысқа тарту ұсынысы болған. ІІМ мемлекеттік органдардың, “OLX Group” өкілдерінің және еріктілердің қатысуымен арнайы чат құрды, онда күдікті хабарландыруларға сілтемелер жіберіліп отырады, жан-жақты тексеруден кейін расталған жағдайда олар дереу жойылады, – деп түсіндірді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.

Хабарландыру агрегаторларын бақылаудан басқа полиция есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын сайттарды, жазбаларды, блогтарды және жарнамаларды анықтау үшін интернет кеңістігіне мониторинг жүргізеді. Жыл басынан бері осындай 2700-ден астам интернет-ресурс анықталды.

Олар туралы ақпарат бұғаттау үшін Мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберіледі. Ішкі істер министрлігі интернет-ресурстарды пайдалана отырып жасалған есірткі қылмыстары аса ауыр қылмыстар санатына жататынын ескертеді, олар үшін жаза мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Следующая →