Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Алиментті әдейі төлемейтіндердің қатарында ШҚО тұрғындары да бар

Қазақстанда алимент төлемегені үшін 1 618 адам іздестірілуде

Новости Казахстана / Алиментті әдейі төлемейтіндердің қатарында ШҚО тұрғындары да бар
Фото:
Устинка LIVE

Олардың ішінде көбі ерлер болғанымен, әйелдер де бар (ерлер-1476, әйелдер – 142), деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық деректеріне сүйеніп.

Іздестіруде жүргендердің көбі 31 жастан 40 жасқа дейінгілер.

Олардың көп бөлігі:

  • Астана - 361,
  • Алматы - 191,
  • Ақтөбе - 143,
  • Қостанай - 140,
  • Жамбыл - 140,
  • Павлодар - 108,
  • Алматы - 102,
  • Маңғыстау - 59 облыстарында іздеуге салынғандар.

 

2023 жылдың 9 айында СДТБТ-да алимент төлеу жөніндегі міндеттерді қасақана орындамау фактілері бойынша 427 қылмыстық іс тіркелген (қылмыстық кодекстің 139-бабы).

Анықтама ретінде: Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Аймақ бойынша мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтадың ең көп бөлігі:

  • Маңғыстау – 46,
  • Алматы (о) – 45,
  • Қостанай – 44,
  • Шығыс Қазақстан – 43,
  • Павлодар – 40,
  • Қарағанды – 35,
  • Абай – 32,
  • Ақмола – 26,
  • Солтүстік Қазақстан-21,
  • Астана (қ) – 17 облыстарында тіркелген.

Осы кезеңде Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 207 адам сотталды.

Следующая →