Өскемен
Қалың бұлтты
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Семей
    -10°
  • Алматы
  • Риддер
    -9°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Ақтау
    -1°
  • Атырау
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -17°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    -9°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -23°
  • Тараз
    -2°
  • Түркістан
    +4°
  • Орал
  • Шымкент
    +5°
$
502.6
+5.04
589.95
+3.03
¥
73.03
+0.48
6.5
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ел бойынша жеңіл көлігі көп өңір – ШҚО

Қазақстанда тамыз айында 98,2 мың бірлік автокөлік есепке қойылған

Новости Казахстана / Ел бойынша жеңіл көлігі көп өңір – ШҚО
Фото:
Устинка LIVE

Осылайша, 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5085,4 мың бірлікті құрады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сүйеніп.

Оның 87,9%-ы – жеңіл автомобильдер, 10%-ы – жүк автомобильдері және 2,1%-ы – автобустар.

Республика бойынша 4 249,4 мың жеңіл автокөлік жеке меншік иелерінің меншігінде. 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жеке меншік иелеріндегі жеңіл автомобильдер саны 17%-ға артты.

Жеңіл автомобильдердің ең көп үлесі Алматы облысының (500,9 мың бірлік), Алматы (500,1 мың бірлік) және Астана (311 мың бірлік) қалаларының тұрғындарына тиесілі, - делінген хабарламада. - Халықтың жеке меншіктегі жеңіл автомобильдермен қамтамасыз етілуі бойынша 100 адамға шамамен 23 бірлік көліктен келеді. Өңірлер бөлінісінде жеңіл автокөлікке ең көп ие тұрғындар Шығыс Қазақстан облысында - 100 адамға 41 көліктен, одан кейін Алматы облысы – 34 көліктен, Қарағанды облысы – 27 көліктен.

2023 жылдың 8 ай ішінде 8253 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 11 916 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 14,1%-ға азайды.

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша 40 млн теңге сомасына 72 005 сақтандыру төлемдерін жүзеге асырды.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Ұлттық статистика бюросы Автомобиль саны ШҚО