Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Таразда әкімдік қызметкерлері 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

Олар қызметтерін асыра пайдаланып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін заңсыз тәркілеген

Новости Казахстана / Таразда әкімдік қызметкерлері 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды
Фото:
pexels.com

Тәркіленген жерді коммерциялық жер теліміне айырбастап жіберген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Бас прокуратурасының ақпаратына сүйеніп.

Тараз қаласы №2 сотының 16.10.2023 жылғы үкімімен Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы және бұрынғы сектор меңгерушісі лауазымдық міндеттерін асыра пайдаланғаны үшін сотталды, - делінген хабарламада. - Мемлекеттік қызметкерлердің қылмыстық әрекеттері Тараз қаласының прокуратурасымен жүргізілген талдау барысында анықталды.

Атап айтқанда, лауазымды тұлғалар 3,56 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін заңсыз тәркілеп, оны екі коммерциялық жалпы ауданы 3,56 гектар жер теліміне айырбастаған.

Алайда мемлекет мүддесі үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы учаскені алып қоюдың қажеті жоқ еді. Сонымен қатар, жер телімдерінің бағасы тең емес болғанына қарамастан айырбастап, мемлекет мүдделеріне 121 млн теңгеден астам сомаға залал келтіруге әкеп соқтырды. Коммерциялық мақсаттағы екі учаскеде 14 шағын ауданда орналасқан және оларды аукционда сату жергілікті бюджетке табыс әкелетін еді. Бірақ мемлекеттің орнына жеке адамдар пайда тапты: яғни, ауданы 1,3 гектар болатын бір учаске автосалонға 93 млн теңгеге сатылған, - деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.

Осы жәйт бойынша Тараз қаласының прокуратурасы ҚР ҚК 361-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, тергеу Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылды.

Сот жер қатынастары бөлімінің басшысын ҚР ҚК 361-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы, ал бұрынғы сектор меңгерушісін ҚР ҚК 361-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы, 24-бабының 5-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оларға мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, екеуін де 4 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Сот шешімімен жер учаскелері мемлекеттік қорға қайтарылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Следующая →