Өскемен
облачно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +15°
$
479.23
+0.69
534.96
+1.20
¥
68.35
+0.10
5.16
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зорлық-зомбылық пен буллингке ұшырағандар қайда хабарласа алады?

Қазақстанда Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша бірыңғай сенім телефоны іске қосылады

Новости Казахстана / Зорлық-зомбылық пен буллингке ұшырағандар қайда хабарласа алады?
Фото:
Устинка LIVE

Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың басшылығымен өткен кеңесте тұрмыстық зорлық-зомбылық пен балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру және зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына көмек көрсетудің пәрменді бағдарламасын әзірлеу міндетін қойған болатын.

Осы тапсырманы орындау аясында тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары 16 қазаннан бастап "111 – AMANAT" бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына тәулік бойы хабарласа алады.

Қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін қоңырау шалу тегін.

Азаматтарға қажетті көмек мәтіндік диалог арқылы да көрсетілетін болады.

Қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға көмек көрсету үшін білікті психологтар мен заңгерлер тартылды.

Бірыңғай сенім телефоны мемлекеттік шұғыл қызметтер тізбесіндегі 101, 102, 103 және т.б. нөмірлердің қатарына енгізіледі. Бұл азаматтарға құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу арқылы жедел түрде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Вице-премьер атап өткендей, байланыс орталығына үлкен жауапкершілік жүктелген.

Следующая →