Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ақын Несіпбек Айтұлы өмірден озды

Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері Несіпбек Айтұлы қайтыс болды

Новости Казахстана / Ақын Несіпбек Айтұлы өмірден озды
Фото:
instagram/nesipbek_aituly

Несіпбек Айтұлы 1950 жылы Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында туған.

Соңғы қызметі – Астана қаласындағы С. Сейфуллин атындағы музей директоры.

Алғашқы кітабы 1974 жылы "Қозыкөш" деген атпен жарық көрді. "Жүректегі жаңғырықтар", "Әке туралы сыр", "Жаңбыр әні", "Түнделеп ұшқан тырналар", "Рухымның падишасы", "Мұқағали-Желтоқсан", "Бәйтерек", балаларға арналған "Балабақшаға барар жолда", "Желкілдеп өскен құрақтай", "Күміс күйме" ("Серебряный сундучок"), "Қартаймайды күн неге?" атты кітаптары, Шығыстың ұлы шайыры Ә.Науаидың "Ескендір қорғаны", "Ләйлі-Мәжнүн" дастандарын тәржімалап, "Игорь жорығы туралы жыр", тағы басқа аударма кітаптары шыққан.

Мемлекет басшысы ақын Несіпбек Айтұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Несіпбек Айтұлы ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді өркендетуге сүбелі үлес қосып, руханият саласының алға басуына күш-қайрат жұмсады. Қазақстан тәуелсіздігінің жыршысына айналған ақынның тартымды туындылары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды. Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына мол әдеби-мәдени мұра қалдырған Несіпбек Айтұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, - деп жазылған жеделхатта.

Следующая →