Қазақстан 2025 жылдың соңына дейін 5G желісімен толық қамтылуы керек
Мемлекет басшысы Үкіметке осы бағыттағы жұмысты мерзімінен бұрын аяқтауға тапсырма берді
Алайда асығыстық, сапаға әсер етпеуі керектігін де баса айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мемлекет басшысы бұл туралы Digital Bridge форумында айтты.
5G желісін кең көлемде енгізу инновацияның дамуына тың серпін береді. Бұл процесс Қазақстанда қазірдің өзінде жүріп жатыр, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. - 2027 жылға дейін барлық облыс орталықтарын ұялы байланыстың жаңа буынымен қамту міндеті бұған дейін жүктелген болатын. Алайда технологияның қарыштап даму жағдайында біз де қарқынды арттыруымыз керек. Үкімет бұл жұмысты мерзімінен бұрын, яғни 2025 жылдың соңына дейін аяқтауы қажет. Әрине, мерзімнің өзгеруі көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер етпеуге тиіс.
Бұдан бөлек, бұл мақсатқа жету үшін төменгі орбитадағы спутниктік жүйелердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, шалғай аудан тұрғындарын интернетпен қамтамасыз ету маңызды.
Үкімет бұл мәселені жан-жақты пысықтауы керектігін айтқан мемлекет басшысы қажет болған жағдайда заңнамаға өзгерістер енгізуге болатынын да ескертті.