Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Астанадағы мемлекеттік органдардың басшылары жемқорлық үшін сотталды

Астана ТЖД мен құрылыс басқармасының басшылары, ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары мен бас маманына қатысты сот үкімі шықты

Новости Казахстана / Астанадағы мемлекеттік органдардың басшылары жемқорлық үшін сотталды
Фото:
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен пара алғаны үшін (ҚР ҚК 366-бабы):

  • Астана ТЖД басқармасының бастығы Б. Бейсенқанов 5 жылға бас бостандығынан айыру;
  • құрылыс басқармасының басшысы А. Жанғасканов 4,5 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Ғ. Айтжанова 60 миллион теңге айыппұл;
  • ІМАД бас маманы А. Әбішеваға 90 миллион теңге айыппұл салынды.

Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін (ҚР ҚК 361-бабы) Астана құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ж. Мырзахметов 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін ақпаратына сүйенсек, жоғарыда есімдері аталған адамдар мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

ТЖД басқарма бастығы Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы Орталық стадион апатты деп тану туралы құжаттаманы келіскені үшін құрылыс компаниясы өкілінен 5 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктенді, - делінген ақпаратта. - Басшының орынбасары және ІМАД бас маманы аудиторлық тексеру бойынша оң қорытынды үшін жеке компания өкілдерінен 2 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталды.

Астана қаласы құрылыс басқармасының басшысы мен оның орынбасарына лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін айып тағылды. Олар құрылыс компаниясын 21 млн теңгеден астам сомаға материалдық құндылықтарды сатып алуға көндірген.

Сондай-ақ, Құрылыс басқармасының басшысы жалпы қамқорлығы және мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін ЖШС басшылығынан 400 мың теңге сомасында пара алды деп айыпталды.

Осы үкіммен жеке құрылыс компаниясының өкілдеріне жоғарыда аталған барлық лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін жалпы сомасы 500 млн теңгеге жуық айыппұл салынды.

ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Следующая →