Өскемен
малооблачно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +25°
  • Ақтөбе
    +33°
  • Актау
    +30°
  • Орал
    +32°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +26°
  • Қостанай
    +29°
  • Қызылорда
    +36°
  • Павлодар
    +25°
  • Петропавловск
    +25°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +29°
  • Шымкент
    +32°
$
452.92
+2.13
484.99
+2.78
¥
62.42
+0.28
5.12
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мәслихат депутаттарының арасында қос азаматтығы барлар анықталды

Қаңтар-қазан аралығында бес жүзден астам қос азаматтығы бар адам анықталған

Новости Казахстана / Мәслихат депутаттарының арасында қос азаматтығы барлар анықталды
Фото:
Устинка LIVE

Олардың арасында мәслихат депутаттары да бар екенін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Конституциясында қос азаматтыққа тыйым салығанын еске саламыз.

Министрлік мәліметіне қарағанда, 2022 жылы қос азаматтықтың 841 дерегі анықталды. Ал биыл қаңтар-қазан аралығында 525 қос азаматтығы бар адам анықталды. Қос азаматтығы барлардың арасында жергілікті өкілді органдардың депутаттары да болған жағдайлар бар, - деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында.

Бұдан бұрын қос азаматтығы бар адамдарды Қазақстан аумағынан шығаруға Ішкі істер министрлігі қатысты түсінік берген болатын.

Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін соңғы бес жылда 3 515 (2018 жылы – 522, оның ішінде 425-іне айыппұл салынып, 97-сі елден шығарылды. 2019 жылы – 449, оның ішінде 393-іне айыппұл салынып, 56-сы елден шығарылды. 2020 жылы – 585, оның ішінде 543-іне айыппұл салынып, 42-сі елден шығарылды. 2021 жылы – 1118, оның ішінде 978-іне айыппұл салынып, 140 елден шығарылды. 2022 жылы - 841, оның ішінде 703-іне айыппұл салынып, 138 елден тыс жерге шығарылды) адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың көбісі – Ресей азаматтары. Бұл ретте қос азаматтық фактілері анықталған барлық адам Қазақстан азаматтығынан айырылады, - делінген ведомство мәліметінде.

Следующая →