Зайсан ауданының 9 ауылында газ өшіріледі
Қазан айының 9-15 аралығында Зайсан қаласы мен 9 ауылға газ беру уақытша тоқтатылады
Табиғи газды үздіксіз жеткізу үшін жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлады Устинка LIVE "ҚазТранГаз Аймақ" АҚ Шығыс Қазақстан өндірістік филиалы ақпаратына сүйеніп.
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Шығыс Қазақстан өндірістік филиалы және "Интергаз Орталық Азия" АҚ УМГ "Алматы" филиалымен бірлесе отырып, Зайсан ауданының тұтынушыларына табиғи газды үздіксіз жеткізу және газ қысымын қалыпты жағдайда ұстау мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында Зайсан ауданына газ жеткізуші негізгі жоғары қысымды газ құбырының диаметрін ұлғайту бойынша жоспардан тыс жұмыстарын аяқтады, - делінген хабарламада. - Қолданыстағы кіші диаметрлі газ құбырына қайта жалғау (переврезка) жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2023 жылдың қазан айының 9-15 аралығында Зайсан қаласы және 9 елді мекені тұрғындарына және коммуналды-тұрмыстық мекемелерінің тұтынушыларына табиғи газ тасымалдау уақытша тоқтатылатынын хабарлаймыз.
Зайсан қаласынан өзге, Қарабұлақ, Кеңсай, Қайнар, Айнабұлақ, Жамбыл, Көгедай, Шалқар, Қаратал,Үлкен Қаратал ауылдарында бір апта уақытша газ болмайды.
Газды өшіру кезінде қауіпсіздік шараларалын сақтау мақсатында газ қондырғылары алдындағы крандарды жабуды сұраймыз, - деп ескертеді мамандар. - Газдың исі шығуы анықталған жағдайда авариялық-диспетчерлік қызметіне 31-1-82 немесе 87057702990 телефонындары арқылы қоңырау шалу қажет.