Өскемен
облачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +13°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Астанада қаржылық пирамида құрғандар анықталды

Бірнеше компания құрылыс материалдарын сату және инвесторлардың қаражатын тарту бойынша ойдан шығарылған қызметпен айналысқан

Новости Казахстана / Астанада қаржылық пирамида құрғандар анықталды
Фото:
pexels.com

Қаржылық мониторинг агенттігі ақпаратына сүйенсек, қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша "Sterling Invest" ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті жүргізіп жатыр.

Аталған ЖШС құрылыс материалдарын сатып алу үшін салымшылардың қаражатын тартып, 20%-дан 40%-ға дейінгі мөлшерінде сыйақы беруді уәде етіп, заңсыз әрекеттерді жүзеге асырғаны анықталды.

Инвестицияның ең төменгі сомасы – 200 000 теңге. Төлемдер келісімшарттарына сәйкес 15 күннен 35 күнге дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, "MegaSnabGroup.KZ" және "Азия Сталь Казахстан" ЖШС еншілес кәсіпорындары анықталып, олар да сыйақылардың үлкен пайызын уәде ете отырып, құрылыс материалдарын сату және инвесторлардың қаражатын тарту бойынша ойдан шығарылған қызметпен айналысады, - делінген хабарламада. - Сонымен қатар, компаниялар әрбір әкелінген инвестор үшін инвестиция сомасының 5%-дан 10%-ға дейінгі мөлшерінде қосымша табыс алуға уәде береді.

Сот бұл қаржылық пирамиданы ұйымдастырушыға "үй қамауы" түріндегі бұлтартпау шарасы ретінде санкция берді.

Қазіргі уақытта 80-нен астам адам жәбірленуші ретінде танылып, оларға жалпы сомасы 250 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

Следующая →