Жазғы Азия ойындары-2023: кешегі күннің нәтижелері
10-шы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында барлығы 42 медаль бар
Қазақстандық спортшылар бүгінге дейін 5 алтын, 10 күміс және 32 қола жүлдеге ие, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі ақпаратына сүйеніп.
Кеше велошабандоз Алексей Луценко жекелей жарыста алтын медаль жеңіп алды.
Алексей Қытай мен Гонконг спортшыларынан озып, 39,7 км қашықтықты 48:05.75-те жүріп өтті. Бұл Алексейдің спорттық мансабындағы Азия ойындарының 4-ші медалі.
Данил Мұсабаев батуттық гимнастикада Азиаданың күміс жүлдегері атанды.
Қазақстан құрамасына тағы 2 күміс медальді байдарка мен каноэде ескек есушілер әкелді: олар Тимофей мен Сергей Емельяновтар 1000 м каноэде есу, сондай-ақ Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева 200 м каноэде есу.
Қола медаль жеңіп алғандар:
- Рината Сұлтанова – тас жолдағы веложарыс (жекелей жарыс);
- Надежда Дубовицкая - биіктікке секіру;
- Каролин Чепкоеч Кипкируи - 5000 м жүгіру;
- Мария Бровкова - байдарка мен каноэде есу (WС1, 200 м);
- Асланбек Шымбергенов - бокс (71 кг).
Боксшы Қамшыбек Құңқабаев +92 келі салмақ дәрежесінде финалға шығып, Үндістаннан келген қарсыласын сенімді түрде жеңді.