Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Үш адамды өлтіріп, артынша өртеп жіберген күдікті қолға түсті

Өткен аптада Ащыбұлақ ауылының тұрғыны мен оның кәмелетке толмаған екі баласының мәйіті өз үйлерінен табылған

Новости Казахстана / Үш адамды өлтіріп, артынша өртеп жіберген күдікті қолға түсті
Фото:
polisia.kz

Полиция қызметі көп ұзамай осы қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР ІІМ ақпаратына сүйеніп.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 1982 жылғы Алматы қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды.

Аталған дерек аудандық полицияда ҚР ҚК-ның 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (Екі немесе одан да көп адамды өлтіру) және 99-бабы 3-бөлігі (Жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін барлық қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Ұсталған адам аудандық полиция УҰИ-ға қамаққа алынды.

Естеріңізге сала кетейік, 14 қыркүйекте сағат 23.24 шамасында Алматы облысы Іле аудандық ПБ-ға Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінен К. есімді тұрғын мен оның екі кәмелетке толмаған баласының денелері табылғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Күдікті қылмысты жасыру мақсатында үйді өртеп жіберген, - деп толықтырды Бауыржан Әленов.

Следующая →