Өскемен
малооблачно
+23°
  • Өскемен
    +23°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +25°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +24°
  • Петропавловск
    +24°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +25°
  • Шымкент
    +27°
$
475.18
+3.72
510.72
+5.93
¥
65.38
+0.46
5.47
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығысқазақстандық аға лейтенант самбодан Әлем чемпионы атанды

Орал қаласында самбодан өткен Әлем чемпионатында шығысқазақстандық Талғат Амренов алтын медаль иегері атанды

Новости Казахстана / Шығысқазақстандық аға лейтенант самбодан Әлем чемпионы атанды
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Орал қаласында самбо шеберлері арасында әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды  Устинка LIVE.

Үш күнге созылған дүбірлі додаға әлемнің 18 елінен 35 жастан асқан 600-ге жуық татами шеберлері қатысты.

Еліміздің самбо күресінен спорт шебері, Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінің гарнизондық спорт кешенінің бастығы, аға лейтенант Амренов Талғат Қанатұлы бұл жарыста әлемнің мықты деген балуандарымен білектесіп, жүлделі бірінші орынға ие болды.

imgonline-com-ua-Resize-R29tt0LLi2H8.jpg

Талғат Қанатұлы - Қазақстан Қорғаныс министрлігі армиясының орталық спорт клубының спортшысы, дзюдо, самбо күрестерінің спорт шебері және осы екі спорт түрлерінен Қазақстан чемпионы, ересектер арасындағы Қазақ күресінен Қазақстан және әлем чемпионы, қазақ күресінен халықаралық спорт шебері, көптеген жарыстардың жүлделі жеңімпазы. Биылғы "Шығыс Қазақстан барысы" жарысының жүлделі ІІ орын иегері.

Әлем чемпионатындағы жүлделі жеңісінен кейін Талғат Амренов Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың қабылдауында болып, жүлделі жеңісімен құттықталды.

Бүгін әлем чемпионы Өскемен қаласына келді. Оны Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінің басшылығы мен сарбаздары думанды көңіл күйде қарсы алып, ҚР Қарулы күштерінің атағын асқақтарып, еліміздің көк туын желбіреткеніне ризашылықтарын білдіріп, құттықтады.

imgonline-com-ua-Resize-t8VKlT7VNty.jpg

Следующая →