Өскемен
пасмурно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +25°
$
441.41
+0.51
477.78
+1.83
¥
61.12
+0.17
4.84
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан футболшылары Солтүстік Ирландия командасын жеңді

Еуро-2024 чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан Солтүстік Ирландия командасын ұтты

Новости Казахстана / Қазақстан футболшылары Солтүстік Ирландия командасын жеңді
Фото:
akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жерлестерімізді жарқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісі туралы жылы лебізін білдіріп, елордалық еріктілер мен белсенділерге алғыс айтты.

imgonline-com-ua-Resize-G9O78ltTVV7.jpg

Сондай-ақ, ол өзінің Instagram парақшасында Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісі туралы жазба жариялады.

Біздің ұлттық құраманың Солтүстік Ирландияның мықты командасымен алаңдағы кездесуін қызыға тамашаладым. Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Қазақ футболшылары қарсылас командаға төтеп беріп, 1:0 есебімен лайықты жеңіске қол жеткізді. Қазақстан ұлттық құрамасы және олардың мыңдаған жанкүйері үшін қуаныштымын.

Әсіресе "Астана жастары" мен басқа да ұйымдар еріктілерінің, сондай-ақ жекелеген азаматтардың, белсенділердің үлгі аларлық ісін айрықша атап өткім келеді. Олар ойыннан соң стадионда қалып, трибунадағы қоқысты жинап шықты.

Футболшыларымызды және жастарымызды мақтан тұтамын, – деп жазды Мемлекет басшысы.


Следующая →