Өскемен
ясно
-14°
  • Өскемен
    -14°
  • Алматы
    -3°
  • Астана
    -24°
  • Ақтөбе
    -15°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -5°
  • Қарағанды
    -21°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -16°
  • Қызылорда
    -4°
  • Павлодар
    -21°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +4°
$
504.6
594.27
¥
72.01
6.48
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Түркістан облысында 5 жасар қызды зорлап, өлтірген күдіктіге қатысты сот үкімі шықты

48 жастағы сотталушыға кастрация жасалып, қалған өмірін темір торда өткізетін болады

Новости Казахстана / Түркістан облысында 5 жасар қызды зорлап, өлтірген күдіктіге қатысты сот үкімі шықты
Фото:
pexels.com

Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты күдіктіге сот үкімі шықты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Оқиға 13 шілде күні болған. Спирттік іщімдікке мас күдікті үйіне келе жатқан жолда ойнап жүрген 5 жасар қызды алдап алып кеткен. Күш қолдана отырып қаршадай қызға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткен. Артынша қылмысын жасыру үшін оған асхана пышағын бірнеше рет сұққан.

Сот үкімі Шымкент қаласы Сәуле ықшамауданында орналасқан ИЧ-69 мекемесінде оқылды.

48 жастағы сотталушы "Адам өлтіру" және "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабы бойынша кінәлі деп танылып, қалған өмірін темір тордың ар жағында өткізетін болды. Сондай-ақ, оған кастрация жасалып, 100 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Айта кеткен жөн, Президент Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырған болатын.

Следующая →