АЭС салу бойынша референдум өткізуге қанша қаржы қажет?
Референдум өткізге қанша қаржы керек болатынын Орталық сайлау комиссиясы шешеді
Бұл туралы бүгін мәжіліс кулуарында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлады Zakon.kz.
Журналистер Ерұлан Жамаубаевтан Қазақстанда атом электр стансасын салу бойынша референдум өткізуге қанша қаражат қажет болуы мүмкін екенін сұрады.
Әуелі референдумның қашан өтетінін анықтап алайық. Референдум қашан болатынын түсінуіміз керек, содан кейін есептейміз, - деді Қаржы министрі.
Кейінірек ол барлығы ОСК-ның өтінішіне байланысты болатынын айтты.
Егер күні шешілсе, Бюджет кодексінің рәсімдеріне сәйкес, ОСК бізге қанша ақша керек екенін, аймақтарда қанша сайлаушы қажет екенін және тағы басқа талаптарын айтады. Ал қазір есеп-қисап жоқ, мен қанша қаржы кететінін қалай айтамын? Бәлкім аз болар (Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізуге қарағанда. – ред.), жаңа әдістерді қолдануға болады. Аз болуы керек, - деді ол.
Бұған дейін Шавхат Өтемісов ОСК Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі бойынша биыл референдум өткізуге дайын екенін айтқан еді.