Осы жазда 177 адам суға батып кетті
ҚР ТЖМ шомылу маусымының қорытындысын шығарды
Ресми түрде суға түсу маусымы 3 айға созылады - 1 маусымнан 31 тамызға дейін, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Жаз мезгілінде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары судан 136 адамды, оның ішінде 51 баланы құтқарды, - деп хабарлады ҚР ТЖМ. - Барлық жерде жүргізілген жұмыстарға қарамастан, жаздың үш айында 177 адам, оның ішінде 53 кәмелетке толмағандар суға батып кетті.
Суға батқандардың 98 пайызы жабдықталмаған жағажайларда шомылған.
Балалардың суға батуының басты себебі – оларды ересектердің қараусыз қалдыруы.