Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шахтадағы өрт: жоғалған екінші адамның денесі табылды

Кеше кешке бір кеншінің денесі табылса, Үкімет кеңесінде бүгін таңертең тағы бір кеншінің денесі табылғаны айтылды

Новости Казахстана / Шахтадағы өрт: жоғалған екінші адамның денесі табылды
Фото:
t.me/KZgovernment

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның "Қазақстан" шахтасында орын алған жағдай бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE Үкіметтің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Бірінші кезекте Үкімет басшысы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

17 тамызда сағат 10.05-те шахтада конвейерлік таспаның тұтануы орын алған. Жедел әрекет ету шеңберінде апатты жою жоспары дереу іске қосылып, жұмысшыларды жер үстіне шығару ұйымдастырылды. Оқиға болған кезде шахтада 227 адам болған. Сағат 13.50-дегі жағдай бойынша 222 кенші жер үстіне шығарылды. Шахтада қатты түтіннің болуына байланысты тағы бес кенші шыға алмады. Құтқару жұмыстары барысында сағат 17.20-да бір кеншінің денесі табылды. 18 тамызда сағат 08.10-да жоғалған екінші кеншінің денесі табылды. Қазіргі уақытта тағы үш кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, - деп мәлімдеді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Температураның жоғары болуына, шахтаны түтін басуына және сәйкесінше, өндіріс орнының қол жетімсіздігіне байланысты өрт ошағы әлі де оқшауланбаған. Қазіргі уақытта шыққан өртті шахтаның өзге жағынан сөндіру бойынша шаралар жүргізіліп жатыр.

Апат салдарынан 13 адам зардап шеккен, - дейді Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев. - Олардың тоғызы улы газдармен уланып, оның ішінде ауыр дәрежеде иіс тиіп, Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Бүгінде екі шахтер жан сақтау бөлімінен ауыстырылды. Науқастардың жағдайы – орташа ауырлық дәрежеде, тұрақты. Естерін біледі. Тағы төрт адам Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Екі адам амбулаториялық емделуге жіберілді, тағы екі адам стационарлық ем қабылдап жатыр, олардың жағдайы – орташа ауырлық дәрежеде.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр "Қазақстан" шахтасындағы апаттың себептерін жан-жақты тексеру үшін комиссияның жұмысын сапалы қамтамасыз етуді және зардап шеккен отбасыларға барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырды.

Әлихан Смайылов тиісті шешімдер қабылдау үшін ТЖМ мен Экология және табиғи ресурстар министрліктеріне "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-да жүргізіліп жатқан өнеркәсіп және экологиялық аудиттерді жедел аяқтауды талап етті.

Следующая →