Өскемен
Қалың бұлтты
-1°
  • Өскемен
    -1°
  • Семей
    +2°
  • Алматы
    +8°
  • Риддер
    +3°
  • Астана
  • Ақтөбе
    +11°
  • Ақтау
    +8°
  • Атырау
    +13°
  • Қарағанды
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +13°
  • Павлодар
    +4°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +9°
  • Түркістан
    +16°
  • Орал
    +11°
  • Шымкент
    +14°
$
482.53
555.44
¥
69.83
5.92
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі

Сондай-ақ, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің жалақысы 30 пайызға өсетін болады

Новости Казахстана / 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі
Фото:
Устинка LIVE

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері өседі, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚР Оқу-ағарту министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға, ТжКБ студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға артады.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды.

Қаулыда белгіленген шәкіртақы мөлшері төмендегідей:

  • докторанттарға (оның ішінде "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша) – 217 500 теңге;
  • даярлаудың "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге;
  • магистранттарға – 97 024 теңге;
  • интерндерге – 75 890 теңге;
  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық және "Денсаулық сақтау" бағыттары бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;
  • даярлаудың педагогикалық бағыттары және "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 41 898 теңге;
  • техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 теңге;
  • техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 31 422 теңге.

Қаулы 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енеді.

Следующая →