Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қарағанды облысындағы шахтада болған өрт салдарынан адам қаза тапты

Мемлекет басшысы жағдайды жіті тексеру және зардап шеккендерге көмек көрсетуді қадағалау жөнінде тапсырма берді

Новости Казахстана / Қарағанды облысындағы шахтада болған өрт салдарынан адам қаза тапты
Фото:
pexels.com

Апат кезінде жер астында 227 қызметкер болған, деп хабарлайды Устинка LIVE "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

АрселорМиттал Теміртау Көмір департаментінің "Казахстанская" шахтасындағы өрт салдарынан компания қызметкері, 1965 жылы туған Виталий Владимирович Слюньков (жерасты электршебері, 5-разряд, еңбек өтілі 39 жыл) қаза тапты.

Апат кезінде жер астында 227 қызметкер болған. Апатты жою жоспарын дереу енгізу арқылы 222 адамды жер бетіне жедел көтеріп, қалған төрт кеншіні іздестіру жалғасып жатыр.

Қазіргі уақытта желдетудің дұрыс режимін қалпына келтіру және кеншілерімізді іздеуді жалғастыру үшін өртті оқшаулау жұмыстары жүзеге асып жатыр. Құтқару қызметтерінің 12 бөлімшесі жұмыс үстінде. Біз марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамыз, оларға барынша қолдау көрсетеміз, - дейді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Виктор Гафиулов.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты Үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сондай-ақ зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді.

Үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізу тапсырылды.

Шетелдік компанияға тиесілі кәсіпорындарда жиі қайталанатын апаттар олардың инвестициялық және өзге де міндеттемелерін өрескел бұзғанын көрсетеді. Аталған жағдайлар олардың Қазақстан нарығында қызмет етуіне қатысты шешім шығаруға ықпал етеді.

Следующая →