Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жаңа салынып жатқан 15 мектеп 1 қыркүйекке дейін дайын болмауы мүмкін

Оқу жылы басталғанға дейін елімізде 52 жаңа мектеп ашу жоспарланып отыр

Новости Казахстана / Жаңа салынып жатқан 15 мектеп 1 қыркүйекке дейін дайын болмауы мүмкін
Фото:
t.me/KZgovernment

Алайда соның 15-і 1 қыркүйекке дейін ашылмай қалу қаупі бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

ҚР Премьер-Министрі оқу жылы басталғанға дейін 52 жаңа мектеп ашу жоспарланып отырғанын атап өтті, жаңа білім ордасын мыңдаған оқушы асыға күтіп жүр. Алайда жаңадан салынып жатқан 15 мектеп уақтылы ашылмай қалуы мүмкін.

Мұндай объектілердің басым бөлігі Түркістан облысы мен Астана қаласында орналасқан. Осы бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, жаңа мектептердің іске қосылуын қамтамасыз ету қажет, - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, 180 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, бірақ мұнда да жұмыстардың уақытында аяқталмай қалу қаупі бар.

Сонымен қатар, Үкімет басшысының айтуынша, 54 мектеп ғимаратынан жылыту қазандықтары әлі күнге дейін шығарылмаған. Мектептерді жаңғырту мәселесі бойынша да сұрақтар бар.

948 мектепте жаңғырту жұмыстары жүргізілді деп саналады, алайда тек 290 мектеп заманауи робототехника, химия, биология және физика кабинеттерімен жабдықталған. Бірақ бұл жеткіліксіз. Өңірлер әкімдіктері Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, барлық мектепте заманауи пән кабинеттерін ашу үшін кешенді жаңғырту жұмыстарын жүргізуі керек. Жұмысты есеп беру үшін ғана жүргізуге болмайды, - деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министрдің айтуынша, білім беру объектілерінің қауіпсіздігіне де немқұрайлы қарауға жол бермеу керек.

Білім беру объектілерінің барлығы бірдей қауіпсіздік талаптарына сай келмейді. Мектептердің 30%-дан астамы әлі күнге дейін полицияның жедел басқару орталықтарына қосылмаған. Осы ретте жұмысты белсенді жүргізу қажет, - деді Үкімет басшысы.

Осы орайда ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өз баяндамасында 3 103 мектеп ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтарына қосылғанын, 2 075 мектеп лицензияланған күзет қызметіне қосылғанын (өсім 1,8 есе); мектептердің 89%-ы дабыл түймелерін орнатқанын атап өтті.

Оған қоса Үкімет басшысы көмекке мұқтаж балаларды 100% мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етуді тапсырды.

Шалғай ауылдарда мектеп жәрмеңкелері мен көшпелі автодүкендерді ұйымдастыру қажет. Әкімдіктер, Оқу-ағарту, Сауда және интеграция, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері мен “Атамекен” палатасы оқу құралдары мен мектеп формасының қолжетімді бағасын қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауы тиіс, - деді Премьер-Министр.

Айта кетейік, биыл әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға көмек көрсету үшін 460 мың балаға 65,3 млрд теңге қарастырылған.

Следующая →