ҚР басшысы Үндістанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан басшысына құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай елдің Премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдап, ізгі тілектерін жеткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент Қазақстан мен Үндістанды ұзақ жылдар бойы қалыптасқан стратегиялық серіктестік қатынастар байланыстыратынын атап өтіп, екі елдің мүддесі үшін көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Үндістанның тәуелсіздігі туралы заң 15 тамыз 1947 жылы күшіне енді.