Алакөлде мас күйінде суға түсіп жүрген ер адам аяғынан айырылды
Суға батып кете жаздаған ер адам өзін құтқаруға келген қайықтың бұрандасына аяғын зақымдап алған
Ол дереу аудандық ауруханаға жеткізіліп, аяғын кесуге тура келген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға демалыс күндері Алакөлдің Жетісу облысы жағындағы жағалауында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам мас күйінде суға батып кете жаздаған. Туристердің бірі оны қайықпен барып құтқармақ болғанда, аяғын бұрандаға зақымдап алған.
Жарақат алған 1984 жылғы азамат жедел Алакөл аудандық орталық ауруханасына жеткізіліп, оған сол жақ сан сүйегі мен тізе буыны шытынап сынған деген диагноз қойылды. Салдарынан оның сол аяғын кесуге тура келген.
Дәрігерлер науқастың жағдайы өте ауыр, жасанды тыныс алу аппаратында жатқанын айтты.
Бұл факті бойынша полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.Бұл факті бойынша Алакөл ауданы полициясының қызметкерлері қылмыстық кодекстің 344-бабы (" Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.