БАӘ-дан ұсталған "Оператор РОП-тың" бұрынғы құрылтайшысы экстрадицияланды
"Оператор РОП" ЖШС бас директорымен бірге 920 млн теңге жымқырып, іздеуде жүрген Мұқтарова шетелден табылған болатын
Фото:
pexels.com
Кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Бас прокуратурасы мен Интерполдың көмегімен Ш. Мұқтарованы Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадициялады.
Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде сағат 19.01-де Мұқтарова Астана қаласының әуежайының аумағында ұсталып, тергеу изоляторына қамалды, - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. - Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.