Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Үкімет 400 мыңнан астам оқушыға мектепке дайындалуы үшін қаржы аударады

Әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың балаларына мемлекет тарапынан оқу жылына орай материалдық көмек көрсетіледі

Новости Казахстана / Үкімет 400 мыңнан астам оқушыға мектепке дайындалуы үшін қаржы аударады
Фото:
ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Биыл мемлекет басшысының тапсырмасы аясында еліміздегі 400 оқушы мектеп формасы, оқу құралдарымен қамтылады, деп хабарлайды Устинка LIVE ҚР Оқу-ағарту министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Министрліктің есептеуінше, биыл бір балаға оқу құралдарын сатып алуға ең кемі 40 567 теңге кетеді. Ал өткен жылы мектеп жиынтығын сатып алу сомасы 17 мың теңгеден басталған-мыс.

Қаражат ата-аналардың карта шоттарына аударылады. Ол балалармен бірге мектеп формасын, аяқ киімді, кеңсе тауарларын өздері таңдап алу үшін беріледі. Қабылданған өзгерістер ата-аналар мен балаларға жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді, - дейді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан.

Мұқтаж отбасыларға материалдық көмек көрсету және балаларды 100% қамтамасыз ету үшін жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қоры жұмыс істейді. "Жалпыға бірдей оқыту" қоры атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсетеді.

Жаңа оқу жылы қарсаңында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайға тап болған оқушылар қаржылай көмек алады.

Оның ішінде Абай облысындағы апаттан қаза тапқан орманшылардың балалары бар.

Следующая →