Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Үкімет биыл құрғақшылықтан зардап шеккен диқандарға көмектеспек

Биыл кей өңірлерде қалыптан тыс ыстық ауа райы сақталып, жауын-шашын аз

Новости Казахстана / Үкімет биыл құрғақшылықтан зардап шеккен диқандарға көмектеспек
Фото:
Устинка LIVE

Үкіметте құрғақшылықтан зардап шеккендердің ахуалы мен мемлекеттік қолдаудың ықтимал шаралары бойынша жедел кеңес өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Жиын барысында "Бәйтерек" холдингі, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ және "ҚазАгроҚаржы" АҚ құрғақшылықтан зардап шеккен шаруаларға несие төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастыратыны белгілі болды. Сондай-ақ, биылдан бастап алғаш рет мал азығын жинауға жеңілдетілген бағамен дизель отынының қосымша көлемі бөлінетін болды.

Ауыл шаруашылығындағы тәуекелдерді, соның ішінде құрғақшылықтың салдарын жою құралдарының бірі – егін мен ауыл шаруашылығы жануарларын сақтандыру. Ол мақсатта сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі субсидияланатын өсімдік және мал шаруашылығында 16 сақтандыру өнімі жұмыс істейді, - делінген ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта.

Сақтандыру сыйлықақысы 1,6 млрд теңгені құрады, оның 1,3 млрд теңгесі субсидияланды. Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялауға республикалық бюджеттен бөлінген 5,9 млрд теңге қаражаттың тек 2,4 млрд теңгесі ғана игерілді.

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ және "Қазагроқаржы" АҚ зардап шеккен шаруаларға несие төлеу мерзімін кейінге қалдыруға көмектесуі керек, - деді Серік Жұманғарин.


Следующая →