Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ҚР ауылдарын дамытуға 200 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген

Елімізде 6 мыңнан астам ауыл болса, соның 3,5 мыңының болашағы бар

Новости Казахстана / ҚР ауылдарын дамытуға 200 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген
Фото:
Устинка LIVE

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында "Ауыл – Ел бесігі" жобасын жүзеге асыруға қатысты мәселелер қаралды, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың баяндауынша, 6295 ауылдық елді мекеннің ішінде ауыл тұрғындарының 93%-ын құрайтын даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауыл анықталды. Осы ауылдарды "Ауыл – Ел бесігі" жобасы шеңберінде дамыту үшін республикалық бюджеттен 198,2 млрд теңге бөлінді.

2019-2022 жылдары әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша мыңнан астам ауылда 3,7 мыңнан астам жоба іске асырылып, 33 мың жұмыс орны құрылған. Ал биыл 800 елді мекенде шамамен 2 мың жоба жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы "Ауыл – Ел бесігі" шеңберінде салынған объектілерді пайдалануға беру мерзімдерінің бұзылуы әлі де өзекті мәселе болып отырғанын айтты. Оған бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану, тендерлерді уақытында өткізбеу, тиісті бақылаудың болмауы себеп.

Өңірлерде қаражатты тиімді пайдалану өте маңызды. Бір ауданда бірнеше жоба іске асырылып, басқа ауданда бірде-бір жоба жүзеге асырылмайтын жағдайлар болмауы керек, - деді Әлихан Смайылов.

Следующая →